Кәсіптік бағдар беру

21 желтоқсанда мектепте кәсіптік бағдарлау жұмысын іске асыру және одан әрі мамандық таңдау мақсатында 9 «Б» сынып оқушылары сынып жетекшісі И.А.Абильмажиновамен М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық колледжінде болды. Колледж оқытушылары оқу орнындағы мамандықтар туралы ақпарат беріп, экскурсия өткізді.